«ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ» — ЖАС МАМАН ҮШІН ТИІМДІ

Жастар практикасы – бұл жас мамандар үшін практикалық тәжірибе алудың бірегей мүмкіндігі. «Жастар практикасының» мақсаты – ең алдымен, кәсіби тәжірибе жинау. Содан кейін өзін көрсету арқылы жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болу.
Жастар практикасы — алған мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру мекемелерінің 35 жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған бағдарлама.Жастар практикасының ең басты құндылығы — сіздің ең алғашқы еңбек тәжірибесін алуға және еңбек өтілі болуға мүмкіндіктеріңіз бар.
Жастардың оқу бітіріп, қолға диплом алған соң мамандық бойынша жұмыс іздейтіні белгілі. Бірақ тәжірибесі жоқ, әлі еңбек нарығын көрмеген жас маманға жұмыс жылдам табыла қоймайды. Бұл тығырақтан шығудың бір жолы бар. Ол – жастар практикасы. Жастарға ұсынылып отырған мемлекеттік көмектің бірі.
Жастар практикасының мақсаты – университет пен колледж бітірген жастарды мамандығы бойынша жұмысқа орналасып, тәжірибие жинақтауға көмектесу.
«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында 2023 жылдың 25-ші шілде күні «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмыссыз тіркеліп тұрған Темір ауылының тұрғыны Шерқұлова Аяжан Асанқызы Отырар аудандық Азаматтық Хал Актілерін тіркеу бөліміне жолданған болатын. Қазіргі таңда тиісті жұмыстарын абыроймен атқаруда.
Осы бағдарламаға қатысушылардың бірі – Жұмағұл Жанболат бүгіні таңда Отырар ауыл окрігінде 2023 жылдан бастап «Т.Ибрагим атындағы жалпы орта мектебінде»  “Жастар практикасы” бағдарламасы бойынша дене шынықтыру мұғалімі болып жұмысқа орналасты.
Бағдарламаға қатысушылардың бірі – Әсен Ұлпан бүгіні таңда Қарақоңыр ауыл окрігінде 2023 жылдан бастап «А.Жармұхамедов атындағы шағын орта мектебінде»  “Жастар практикасы” бағдарламасы бойынша психолог мамандығы мен жұмысқа орналасты.
Жастар практикасының ұзақтығы 12 айдан аспайды. Жалақы 30 АЕК мөлшерінде мемлекеттік бюджеттен төленеді.
Талаптар:
-35 жастан аспауға тиіс;
-жұмыссыз ретінде тіркелу;
-техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) ЖОО кейінгі бағдарламалар бойынша оқу бітіргеніне 5 жыл болмау;
-меңгерген кәсіп (мамандық) бойынша жұмыс тәжірибесінің болмауы.
Өз тәжірибесін жинап, мамандығы бойынша жұмысқа орналасамын деген, оқу орнын аяқтаған жастарды әлі де жастар практикасына шақырамыз!
“Жастар практикасы“ — бағдарламасына жұмыссыз азаматтар (ша) қатыса алатындығын хабарлаймыз.
Мекенжайы: Шәуілдір ауылы, Жібек жолы к-сі, №66.
Тел: 8 (725 44) 21 167