ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының» жастар мен жасөспірімдер арасында мазасыздық деңгейін диагностикалау, АРТ-терапиялық, психологиялық әдістемелер бойынша семинар-тренинг өтті.
Біздің болашағымыз – өскелең ұрпақ. Сондықтан бүгінгі жастар үнемі қоғамның назарында болуы тиіс. Олардың қай жағынан болсын жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.
Өмір тарам-тарам жол іспетті өте күрделі. Соқпағы көп өмірде жұмыр басты пенде түрлі қиындықтарға тап болуы мүмкін. Оны жеңіп шығу үшін, әрине, күш-қайратын, психологиялық тұрғыда мықты болу керек. Сондықтан өскелең ұрпақтың ой-өрісін дамытып, білімді болуын қамтамасыз етіп қана қоймай, психологиялық жағынан да даярлауды қарастырған жөн.
Іс-шара «Кәмелетке толмағандарды биімдеу орталығының» жасөспірімдер арасында өткізілді. Онда қатысушылар түрлі ойындар ойнап, өз ойларын ортаға салып жан-жақты өзін-өзі дамыта білді.