ЖАС АҚЫННЫҢ КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
Өмірім бар өлеңде өрнек тапқан,
Біткенінше жазамын, сірә, демім.
Көктем орнап кеудемде бүр жара бер,
Жауқазыны жанымның – Жыр Әдемім, – деп жырлаған түркістандық жас ақын Санжар Ғұламаның «Сіз жақсы адамсыз» атты аудио-поэзия кітабы жарық көрді. Бүгінде 250-ге жуық өлеңі жарыққа шыққан ақынның кітапқа 90 өлеңі баспаланыпты. Қазіргі заманға сай, әр беттегі өлеңді астындағы арнайы QR-коды арқылы аудио нұсқасын тыңдауға болады.
3 сыныпта тырнақалды туындысын жазған жерлесіміз Санжар Ғұлама жүйрік қиялымен талай мүшайраларда оза шауып, қарсыластарын шаң қаптырған ақын. Жоғары оқу орнын ағылшын тілі мамандығы бойынша бітірген Санжар ақын ғана емес, 11 жылдан бері ұлағатты ұстаз міндетін атқарып келеді. Енді ғана орда бұзар жасқа келген ол бүгінде «Ы.Алтынсарин», «Қазақстанның ұлағатты ұстазы», «Шығармашыл, тәжірибелі ұстаз», «Ұлағатты ұстаз» төсбелгілерінің иегері.
Көпшілікке «Ғұлама» тегімен танылған ол өңірдегі өзекті мәселелерді көтеріп, түйткілдің төркінін тарқату жолында мерзімді басылымдардан қол үзген емес. Осының нәтижесінде ҚР Журналистер Одағына мүшелікке енген. Ең алғаш 2015 жылы «Айтыңдаршы, осы мен қандай жанмын?» тақырыбында жеке шығармашылық кешін өткізген.
Санжар Ғұлама қай тақырыпта болмасын қисыннан өлең өріп, поэзияның жілігін шағатынын 2015 жылдан бері әлеуметтік желідегі парақшасында да үздіксіз дәлелдеп келеді.
Өмірлік тұлғасы Мұхтар Шахановты пір тұтатын Санжар отбасындағы ұлттық құндылық пен тəрбиені тереңнен толғай білетін ақын. Оның 2015 жылы «Айтыңдаршы, осы мен қандай жанмын?» тақырыбында жеке шығармышылық кеші өтті.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Санжар Ғұлама қай тақырыпта болмасын қисыннан өлең өріп, поэзияның жілігін шағатыны жасырын емес. Махаббат майданына еніп, елдің болашағына бас ауыртар, бүгіннің мəселесіне базына айтар сөз шебері . Оны ақынды ардақтаған əрбір Алаш азаматы Санжардың əлеміне еніп, дәлелдеп келеді.