ЖАҢАРҒАН ТҮРКІСТАН – БЛОГЕРЛАР КӨЗІМЕН!

Ғалым Макхамбетов:Түркістан бұрынғы қала емес. Біраз өзгеріс бар. Тарихи шаһарға саяхат ерекше әсер берді. Оның үстіне ӨркенКенжебек мырзамен  бірге жүру мен үшін үлкен абырой. Мен түсінбеген дүниелерді «Визит Түркістан»орталығы тереңінен қарапайым тілмен жеткізіп берді. Негізі Түркі жұртының тарихы тереңде. Оны бір постпен немесе сториспен айта салу мүмкін емес.

Тарихы терең, түркі әлемінің бесігі болған киелі Түркістанға, ұлы дала орталығына келіп, алтын ғасырдың атмоферасын сезініп, алтын адамдарды көріп, алтын костюм кисеңіз, алтын тақта отырып керемет сезімге бөленесіз! Дұрысы Түркістанға бару, көру керек.

ЖАҢА ТҮРКІСТАН – БЛОГЕРЛАР КӨЗІМЕН!

Өркен Кенжебек: Төрт жыл бұрын «Енді Түркістан түлесін» деп жоғарыдан бұйрық түскенде ешкім сенбедіау, сірә. Соның бірі алдарыңызда отыр. Яссауи кесенесінің алдындағы іркестіркес 250 ескі үйді сүргенінен бастап су жаңа әкімшілік ауданды салғанына дейін әр жерді бөлек жазса болады. Бастысы, Астананы салғандай арын осында сезілді ғой. Еліміздің мерейін көтеру бір бөлек, Орталық Азияның иісін сезініп, аурасына бөленсекдеп арнайы келер туристі де Өзбекстан, Қырғызстан бағытынан жаңылдырып, өзіме тартсам деген амбициясы бар. Соған сай Керуен сарай Түркістан бес жұлдызды отелі, ойынсауық орталығы, музейлер, шоубағдарламасын, Сандық этномейрамханасын сайлап алды. «Жақсынв көрмекке» деп, Ғалым екеуміз арнайылап тағы келгенбіз. Сол сапардағы бейнені қабыл алыңыздар және Түркістанға баруды жоспарларыңызға түртіп қойыңыздар.

Жалпы бұл Қожа Ахмет Ясауи кесенесі дегенде, көп адам ойына бір ғана бейіт елестейді. Бұл жансақ стереотип, себебі мұнда Абылай ханнан бастап 21 ханымыз, жалпы белгілі деген 150 шақты тұлғаларымыздың денелері жерленген. Сондықтанда бұл біздің алғашқы ұлттық пантеонымыз, яғни қабірстанымыз деп айтсақ болатын шығар. Одан бөлек білесіздер кесене ішінде 40-қа жуық бөлме бар: мешіт, құдықхана, асхана, мәжілісхана.

Алаштың небір азулы, дана да даңғайыр ұлдары бекерден бекер осы топырақта байыз таппаған, себебі Түркістан көшпелі қазақтың бәрібір айналып келіп табатын қазығы іспетті. Ендеше Түркістанға келу, осы жерде тарихтың түбіне терең бойлау әрбір қазаққа парыз емес пе? Айтпақшы Ұлы дала орталығына міндетті түрде келіңіздер, мұнда экспонаттар да ғажап, шоуы да керемет.

ЖАҢА ТҮРКІСТАН – БЛОГЕРЛАР КӨЗІМЕН!

Зарина Нұржанова:Тарихи қалағасаяхатым ертегілер еліндегідей ғажап өтті. Жаңа Түркістанда саяхатшылардың ерекше қызығушылығын тудырып жүрген көрікті орындардың бірі – «Керуен сарай»  көпфункционалды туристік кешені. Кешенде Жібек жолы дәуіріндегі саудагерлер мен қолөнершілер көшесі, «ұшатын театр», сәйгүліктер шоуын өткізуге арналған амфитеатр, Шығыс базары, сауда сөрелері мен бутиктер, фуд-кордтар, қонақүйлер мен мейрамханалар, СПА және фитнес-орталық, кинотеатр, отбасылық ойын-сауық орталығы бар. Бұл ретте барлық құрылымдар су арнасы арқылы байланыстырылған. Арна жағасындағы тастардан әуезді ән естіледі. Бұл   «Керуен сарайға» ерекше атмосфера сыйлайды. Сондықтан «Керуен сарай» «Қазақстандағы Венеция» аталып кетті. Қазақстанның рухани орталығы. Әр келген сайын, тарихымызды еске алып, керемет сезім аламын.