ЖАҢА ЖОЛ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ
Шымкент қаласы, Азат шағынауданы мен Исфиджаб тұрғыналабын байланыстыратын жаңа көпір мен жолдың ашылу рәсімі өтті. 2022 жылы партияның басшылыгында жүргенімде, осы мөлтек ауданға келген болатынмын. Азаматтардың ақсақалдардың барлыгы «Біз мына Сайрамдагы поликлиникага 10 км айналып барып тұрамыз, мына жерді тесіп шығарсақ аз уақытта бара аламыз» — деп өз мәселелерін айтқан болатынды. Жергілікті белсенді тұрғындармен және ауыл биімен келісіп қолдан келгенше жасап берейін деп ұсыныс тастадым. Жер егесімен келіс сөздер жүргізіп, учаскесінің ұзындыгы 40 метір ені 8 метр жерін сатып алып, 300 метрдей жол жоқ жерге
250 камаз тас төселді, труба тасталды. сатып алынған жердің шлакаблоктарын бұздырып жолды тесіп беріп, бірінші жылы осы жұмыстар жасалынды. Жұмыстың басында жүгіріп жүрген сол елді мекеннің биі (марқұм) Бәкір ағамызға мың алғыс. Әлия деген «AMANAT» партиясының белсендісіне мың алғыс айтамын. Кейінгі жылы мен дәл осы округтан депутат болып сайландым. Жұмыстарды жалғастырып осы жылдың жаз айларында асфалт төселінді. Автокөліктер шетіне түсіп кетпейтіндей етіп әдемі әшекей тіреулер қойылды. Бұл ел игілігі үшін жасалган жұмыс. Бүгінгі таңда осы көшемен көпір арқылы көптеген машиналар, маршутты автобустар қатынап халық игілігіне жарап тұр. Бүгінгі ашылу салтанатында ақсақалдардан, ел ағаларынан, аналарынан бата алдық. Шынайы елдің батасын алғаннан артық не бар десеңізші мына өмірде.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, Қазақ елі көркейе берсін, өркендей берсін. Шымқаламыз гүлдене берсін…