ЖАҢА ЖЕҢІСТЕР ҮШІН ДАУЫС БЕРДІМ!
Құрметті Қазақстандықтар, мен сіздермен өзімнің қуанышты көңіл күйіммен бөліскім келеді.
Мен бүгін Шымкент қаласы, Еңбекші ауданына қарасты No 148 сайлау учаскесінен шықтым. Күні бойы «АМАНАТ» партиясының өкілі ретінде сайлау учаскесінде бүгінгі референдумға бақылау жүргіздім.
Елімнің отан сүйгіш азаматы ретінде ,жаңа Қазақстанды құруға, жаңа елдің жүйесіне арналған дүниелердің дамуына, үлес қосу үшін, елдің тұғырлы болуы үшін дауыс бердім. Өзім барған дауыс беру пунктінде көптеген тұрғындардың үмітпен, қуанышпен, жаңашылдықты күтуімен,жүздеріндегі қуаныш нұрымен,дауыс беріп, Жаңа бастамаға өзінің жаңа көзқарасымен дауыс беріп жатқан тұрғындарды көрдім. Мен бұндай жаңашылдыққа өте қатты қуаныштымын, азаматтарымыздың еліміздің тағдырына, болашағына бейжай қарамайтындығына, маңызды мәселелерге үлсес қосып жатқанына жастардан бастап зейнеткерлерімізге дейін өз үлестерін қосып жатқанына қатты қуандым. Әрине мұның барлығы еліміздің одан әрі қарай дамуына үлес қосатын тетіктердің бірі болып табылады. Бұл дамыған елдерде қалыпты жағдай болып саналады,және дамыған елдерге одан әрі үлес қосатын дүние болып саналады.
Жалпы, дауыс беру барысы жақсы және барлық талаптарға сай ұйымдастырылған. Ешқандай бұзушылықтар болған жоқ. Дауыс беруге келген азаматтарға барлық жағдай жасалған. Учаскелік комиссия мүшелері барлығын ашық түсіндіріп, халықтың өз таңдауын жасауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасады.
Еліміздегі осындай маңызды шараға үлес қосу мен үшін үлкен мәртебе!
Мен болашақ үшін дауыс бердім!
Жаңа Қазақстан үшін дауыс бердім!
Жаңа жеңістер үшін дауыс бердім!
Қоғам белсендісі, жастар мәслихатының депутаты Ашимова Жасмин Аскаровна!
@tokayev_online