ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР ШЫМКЕНТТЕГІ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕСІН ЕНГІЗЕДІ

Өзбекстанның мамандандырылған терапия және оңалту ғылыми-тәжірибелік медициналық орталығының мамандары жергілікті оңалту орталықтарының жұмыстарымен танысып, екі жақты меморандумға қол қойды. Ынтымақтастық өзара кәсіби және гуманитарлық байланысты нығайтып қана қоймай, медициналық туризмге жол ашып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік бередіҚаладағы №1 және №2 оңалту орталықтарында 18 жасқа дейінгі балаларға бастапқы медициналық қалпына келтіру және оңалту емдері жүргізіледі. Бұл мекемелерде мультитәртіпті команда жұмыс істейді. Реабилитологтар, дене шынықтыру нұсқаушылары, эрготерапевттер, психологтар, логопедтер, дефектологтар, әлеуметтік және түзету педагогтері, ойын және музыка терапевттері, монтессори-терапия мамандары кешенді ем шараларын жүргізеді.