ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ ЕКІ ЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігі мен «QazaqGaz» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы арасында газ және газ мотор отыны саласындағы ынтымақтастық туралы екіжақты меморандумға қол қойылды. Басқосуға қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов және ұлттық компанияның басқарма төрағасының орынбасары Акбар Төлегенов және өзге де жауаптылар қатысты.
Алдағы уақытта меморандум негізінде компания бөлінген жер учаскелеріне автомобильдік газ толтыруға арналған 3 компрессорлық станциялар салуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, бүгінде қалада қоғамдық көліктер сұйытылған газбен жүреді. Алдағы уақытта барлық коммуналдық техниканы сұйытылған газға көшіру жоспарлануда. «QazaqGaz» ұлттық компаниясы салатын станциялар осы техникалардың барлығын сұйытылған газбен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.