ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ТҮСІНДІРУ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Сарыағаш ауданының білім беру ұйымдарында жастар арасында қылмыстың өсуіне жол бермеу, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында түсіндіру профилактикалық іс-шарасы жүргізілді. Түсіндіру іс-шарасына аудан әкімшілігіне қарасты сервистік топ мүшелері, Сарыағаш АПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторлары, «Жастар ресурстық» орталығының қызметкерлері, білім беру ұйымдарында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Сарыағаш ауданы №6 Ж.Аймауытов атындағы орта мектебінің оқушылары мен мұғалімдері қатысты.Жиналыс барысында қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол берілген жағдайда қарастырылған жауапкершіліктің түрлері таныстырылды.