Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында кездесу өтті

Кентау қаласы, Қашғари атындағы мектеп лицей оқушыларына құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында кездесу өтті.
Ісшараның мақсаты — оқушылардың құқық бұзушылығын алу, ата-аналардың құқықтық тәрбиесін арттыру.
1. Оқушыларға зорлық-зомбылықтың кері әсерлерін түсіндіру.
2. Ата-аналармен жағымды қарым-қатынас орната білуге үйрету.
3. Оқушыларға зардап шеккен жағдайда психологиялық тұрғыдан күресе білуге тәрбиелеу.
Балалар өздерін қорғау туралы ақпараттың жоқтығынан өмірінде шешімі күрделі жағдайларға жиі тап болып, өздерін өздері қорғай алмайды. Көбінесе зорлық, қатыгездік жағдайлары отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда орын алады. Көп жағдайда жасөспірімдердің өздері де бірінің бірі құқығын бұзып жатады.
Қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселерінің бірі – бұл жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың көбеюі. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін балаларымыздың бойында дұрыс құқықтық тәрбие мен құқықтық білім беруіміз керек.
Құқықтық тәрбие беру дегеніміз – баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялык пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау — ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендегі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана өоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады.
Құқықтық білім беру – адамның құқықтық санасын қалыптастыру мақсатында орындалатын құқықтық тәрбиенің негізгі ықпал етуші әдісі.Нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықты ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды.
Құқықтық тәрбие беру арқылы жастарды өз құқықтарын пайдаланып, азаматтық міндеттерін орындай отырып қоғамда өмір сүруге, заңдар мен ережелерді тәжірибеде белсенді қолдана білуге үйретуге болады.
Құқықтық тәрбие берудің негізгі мақсаты – оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет-қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу.
Адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтық мәдениетінің арасында тығыз байланыс бар. Сондықтан да құқықтық тәрбиені адамгершілік тәрбиесі теориясының құрамды бөлігі ретінде қарастырамыз.
Қоғамдық қайта құру кезеңінде құқықтың мәдениетті қалыптастыру барысындағы кемшіліктерді жеңу орын алады.
Құқық қоғам мен қоғамның өрбір мүшесінің бүкіл өмірін қамтып жатады. Құқықтық мәдениеті төмен дамыған адам тек заңның өрескел бұзылған жағдайында ғана оған зейін аударады да, құқықтық талаптарды мойындамаған көп жағдайларды байқамайды.
Заңды білмеу — құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен қүтқармайды. Бұл жерде оқушы заң және құқықтық мәдениет ұғымын шатастырмау керек. Құқықтық мәдениет оқушыдан жан-жақты құқықтық білімдерді талап етеді.
Адамның құқықтық мәдениеті — күрделі психологиялық құбылыс. Бұл құбылыс қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды салаларында көрінеді. Ең бастысы адамгершілікті адам тұлғасының сапалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал жасайтын тәрбие құралдарының бірі — орынды тәртіп және мінез-құлық тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы.
Сонымен адамның құқықтық мәдениеті дегеніміз — орынды тәртіп пен мінез-құлық, жан-жақты құқықтың білімдерімен заңды құрметтеу, құқықты қорғау іс-әрекетінің терең бірлігі.
Саналы тәртіп пен мінез-құлықтарды құқықтың мәдениеттің іргетасы деп қарасақ, ол көркемөнер мәдениетімен қатынастар, сезімдер деңгейінде тікелей байланысады. Сезімдер әлемі эстетикалық қатынастарда негізгі рөл ойнайды. Әдебиет пен өнер бізге көркем бейнелерімен әсер етеді, оларды сезім арқылы қабылдаймыз. Өнердің көмегімен, әсіресе, өдебиет арқылы әлемді, қоғамдық қатынастарды танимыз.
Құқықтың мәдениеттің осы екі деңгейіне көтерілген, яғни құқықтың білімді меңгерген, заңды құрметтейтін адам заңға қайшы келетін әрекеттерден аулаң болады. Тек қана заңға сәйкес жүру дағдысы пайда болады. Мұны заңға мойынсүнушы-лық дейді. Бұл деңгейлік сатыда ішкі қозғаушы күш — адамның үяты, ар-ожданы. Ұят, ар-ождан және сенімдер адамның мәдениеті тек қана заңға мойынсұну емес, заңды қорғау үшін тұрақты белсенді әрекетке қатысуға дайын тұру.
Құқықты құрметтеу, әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты, сезіну — адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі. Осыдан келіп заңдылықты сезіну құқықтық мәдениеттің құрамы екендігін түсіну қиын емес.