ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨЗ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Жетісай ауданында жастар мен жасөспірімдер арасында өзекті зорлық-зомбылықтың, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша оқушылармен кездесу өзі жалғасын табуда.
Бүгінгі жастар арасында бұл тақырыптардың кеңінен қанат жаюы, әрине, алаңдатарлық жағдай. Осы бір келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ психологтарының ұйымдастыруымен Атамекен а/о Талапты ауылы №63 “Ы.алтынсарин” атындағы жалпы орта мектебінде кездесу болып өтті.
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологы және мамандары “асыл қазына және теңқоғам”психологы қатысып, оқушылармен ашық сұхбат жүргізді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық,ерте жүктілік оқиғалары, оқушылар арасындағы әлімжеттік, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық секілді тақырыптар төңірегінде толық ақпараттар жеткізілді. Сондай-ақ оқушылармен арнайы семинар-тренинг өтілді.
Жиын барысында психолог жастық кезеңнің адамның тұлға ретіндегі қалыптасуына әсер ететін маңызды фактор екендігі, бұл кезеңде жастардың жанының нәзік, уайымға, кез-келген сәтсіздікке тез берілгіш болатындығы, жеткіншектік шақта адамның қалыптасуы сана-сезімінің дамуындағы өзгеріспен анықталатындығын айтып , оқушылар арасында бопсалау, ерте жүктілік пен жыныстық тиіспеушілік, суицид сынды өзекті мәселелердің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ өз өмірлеріне жауапкершілікпен қарау керектігін ұғындырды.