ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Сайрам ауданы, Ақсу ауылында Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Сайрам аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен волейболдан жасөспірімдер арасында Түркістан облысының чемпионаты басталды. Жарысқа 170 спортшыдан құралған 12 команда қатысып, бақтарын сынауда. Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсіміне Сайрам ауданының тілдерді дамыту, мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мәди Нұрлыбаев пен волейболдан жасөспірімдер арасында Түркістан облысының аға бапкері Иса Раймханов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Екі күнге жоспарланған додада командалар екі топқа бөлініп, жеңімпаз команданы анықтайды. Ойында шеберлігімен көзге түскен спортшылар облыс құрамасына шақырту алып, Алматы облысында өтетін көктемгі ел чемпионатында өңір намысын қорғайды.