Туған жер тағлымы – ұлт рухының тірегі
Төлеби ауданының Шапырашты ауылындағы мәдениет үйінде «Туған жерім – тұнған шежіре» атты мазмұны терең, тағылымы зор салтанатты мәдени іс-шара өтті. Аталған басқосу «Ауыл» партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиалының ұйымдастыруымен жүзеге асып, туған өлкенің тарихы мен рухани құндылықтарын дәріптеуге арналды.
Шара барысында өңірлік филиал төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмуратов Төрегелді Оразалыұлы мазмұнды баяндама жасап, ауылдың өткені мен бүгінгі тыныс-тіршілігі, сондай-ақ келешек ұрпаққа аманат болар асыл құндылықтар жайында кеңінен тоқталды.
Салтанатты жиын аясында ауылдың ақсақалдары, ақжаулықты аналары мен түрлі салада еңбек етіп жүрген белсенді азаматтар «Ауыл» партиясының 25 жылдық мерекелік медалімен марапатталды. Бұл құрмет ауыл тұрғындары үшін ерекше қуаныш пен зор мақтаныш сезімін сыйлады.
Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласып, сахна төрінде ұсынылған өнер көрсетілімдері жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй мен рухани ләззат сыйлады.
Туған жер тарихын жаңғыртып, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға арналған бұл тағылымды басқосу – ауыл халқының бірлігі мен ынтымағын айқын көрсеткен жарқын рухани мереке болды.
