ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ РУСТАМ ЖҮРСІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
Мемлекет басшысына атқарылған жұмыстар мен отандық бизнесті одан әрі қолдау және кәсіпкерлердің мүддесін қорғау жоспары жөнінде мәлімет берілді.
Сонымен қатар Президентке кәсіпкерлік қызмет саласына жаңа реттеуші саясатты енгізу жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің есебін қабылдап, бизнеске қатысты әкімшілік кедергілерді анықтауға және оларды жою шараларын әзірлеуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.
дереккөз: akorda.kz.