Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясын шақырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды,
«Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты тақырыпта өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды», — деп жазылған хабарламада.
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІI сессиясы 2023 жылы 26-27 сәуір күндері Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.
дереккөз: Ақорда.