Талдықорғанда үстел теннисінен турнир өтті

Талдықорған қаласында ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетіне қарасты «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК қызметкерлері арасында дәстүрлі үстел теннисінен турнир өтті.
Жыл сайын өтетін Бас директор кубогына арналған жарысқа еліміздің 20 өңірінен 100-ге жуық қызметкер қатысып, өзара мықтыларды анықтады. Турнир тек спорттық бәсеке ғана емес, әріптестер арасындағы ынтымақ пен командалық рухты нығайтатын маңызды алаңға айналды.
Жұптық турнир қорытындысы:
🥉 3-орын – Алматы облысы филиалы
🥈 2-орын – Шымкент қаласы бойынша филиалы
🥇 1-орын – Орталық аппарат
Қыздар арасындағы жекелей сында:
🥉 3-орын – Орталық аппараттың бас эксперті Камила Бекенова
🥈 2-орын – жетекші эксперт Жұлдыз Алпыспаева
🥇 1-орын – бас эксперт Дилара Қонаева
Ерлер арасындағы жекелей турнирде:
🥉 3-орын – Маңғыстау облысы филиалының сынақ зертханасы меңгерушісі Ерболат Шаймұрат
🥈 2-орын – Шымкент облысы бойынша филиалының сынақ зертханасы меңгерушісі Ермек Намазов
🥇 1-орын – Қостанай облысы филиалының сынақ зертханасы эксперті Мақсат Алимбаев
Шымкенттік Ермек Намазов тартысты ойын өрнегін көрсетіп, финалға дейін сенімді жетіп, нәтижесінде жүлделі екінші орынды иеленді. Оның шеберлігі мен табандылығы көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.
Командалық есепте:
🥉 3-орын – Алматы облысы филиалы
🥈 2-орын – Қостанай облысы бойынша филиалы
🥇 1-орын – Орталық аппарат
Сонымен қатар, бірқатар арнайы номинациялар табысталды. «Жеңіске деген ерік-жігері» аталымымен Алматы қаласы филиалы, Қызылорда облысы филиалының сапа менеджері Динара Демесинова және Алматы облысы филиалының инженері Мерей Әбдіқадыр марапатталды.
«Көрермендер көзайымы» жүлдесі ерлер арасында Алматы облысы филиалының инженері Нұрбақыт Қасымханға, қыздар арасында Атырау облысы филиалының бас маманы Венера Сухановаға бұйырды.
Ал «Турнир ардагері» номинациясы қыздар арасында Шымкент қаласы филиалының сапа менеджері Светлана Бударнаяға, ерлер арасында Ақмола облысы филиалының бөлім бастығы Игорь Стефанға табысталды.
Командалық турнирде «Жеңіске деген ерік-жігері» номинациясы Түркістан облысы филиалына берілді.
Ауқымды дода қызметкерлердің кәсіби қызметтен тыс уақытта да белсенді әрі ұйымшыл екенін көрсетті. Спорт – салауатты өмір салтының кепілі ғана емес, ұжымдық бірліктің де айқын көрінісі екенін бұл турнир тағы бір мәрте дәлелдеді.