ТАБЫСЫ АЗ АЗАМАТТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ

Атаулы әлеуметтік көмек табысы аз азаматтарға кешенді әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді. Бұл бойынша төмендегі бағыттарға сәйкес жұмыстар жүргізіледі:
— аз қамтамасыз етілген отбасыларға ақшалай төлем;
— жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шаралар, яғни оқытуға, жастар практикасына, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына, тұрақты жұмыс орындарына жолдау жұмыстары және жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру мақсатында грант беру;
Сондай-ақ, өтініш берушілер атаулы әлеуметтік көмек тағайындалуы үшін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүгінуге құқылы. Электрондық өтініш берілген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде АӘК тағайындау немесе бас тарту туралы шешім қабылданады. Хабарламалар өтініш берушінің «Жеке кабинетіне» автоматты түрде жіберіледі.