ТАҒАЙЫНДАУ
Бүгін Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшы орынбасары болып Тәжібай Нұрлыбай Жөргенбайұлы тағайындалды.
Тәжібай Нұрлыбай Жөргенбайұлы, 1995 жылы 2 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Оранғай ауылдық округі, Бостандық елді мекенінде дүниеге келген.
Ұлты: қазақ.
Білімі жоғары.
2013 — 2018 жж аралығында Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін «Теология» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
2022ж бастап Шымкент қаласы, Шымкент университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білімін жалғастыруда.
2021-2023 жж Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теолог маманы қызметін;
2023 ж Ырыс МҚҰ -да маман қызметін атқарған.
Сізді жаңа қызметіңізбен құттықтай отырып, жұмысыңызға толағай табыстар тілейміз. Ары қарайда жастар саясатын жүзеге асыру жолында жігерлі жұмыс жасай беріңіз дегіміз келеді!