ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ҚЫЗМЕТІНДЕГІ БАТЫЛ АРУ

Қиын сәтте жедел шешім қабылдап, өмірлерді құтқаруға үлес қосу – нағыз ерлік. Бұл қызметте тек кәсібилік пен жауапкершілік ғана емес, үлкен жүрек пен төзімділік те қажет. Осындай қасиеттерді бойына сіңірген мамандардың бірі – Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Қаратау ауданы №9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисті, азаматтық қорғау кіші сержанты Сәметова Сандуғаш Пернебайқызы.

Сандуғаш Пернебайқызы 1999 жылы 3 желтоқсанда Шымкент қаласында дүниеге келген. Қауіп-қатерге толы саладағы еңбек жолын 2023 жылдың 26 қазанынан бастап бастағанына көп болмаса да, өз ісіне деген адалдығы мен кәсіби шеберлігі арқылы ерекше көзге түсіп келеді.

Өрт сөндіру бөлімінде радиотелефонист – оқиға орнындағы байланысты қамтамасыз етіп, төтенше жағдайлар кезінде өрт сөндірушілердің жұмысын үйлестіретін маңызды мамандық. Бұл міндет үлкен жауапкершілікті талап етеді, әрі әр секундтың бағасы зор. Сандуғаш бұл қызметте табандылық танытып, кез келген жағдайда жылдам әрі нақты әрекет етудің үлгісін көрсетіп келеді.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген қайсар аруымызды шын жүректен құттықтаймыз!