ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген Төтенше жағдай министрі Юрий Ильин өңірдегі су тасқыны мәселесі бойынша жедел кеңес өткізді.
Жиынға Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай, сондай-ақ өңірдегі жауапты сала өкілдері қатысты.
Кеңесте жағдайдың күрделенуіне жол бермеу және оның салдарымен жедел күресу тапсырылды.
Бірлескен күшпен Майдантал ауылын су басуға жол берілмеді. Құтқарушылар мен ЖАО тәулік бойы жұмысты жалғастырып жатыр.
200-ден астам адам және 800-ге жуық ірі қара мал эвакуацияланды.
Инертті материалдары бар 13 мыңнан астам қап төселді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Түркістан облысында жаңбыр тоқтады. Алайда су ағыны жалғасып жатыр. Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді.
Жағдай ерекше бақылауда. Республикалық және облыстық жедел штабтар, «жедел желі» жұмыс істейді.