ТҮРКІСТАНДЫҚ ШЕБЕРЛЕР ФЕРҒАНАДА БІЛІМДЕРІН ЖЕТІЛДІРЕДІ

Түркістан қаласынан Өзбекстан Республикасына арнайы барған делегация ферғаналық «Hunarmand» қолөнершілер бірлестігімен меморандумға қол қойды. Келісім бойынша Түркістан қаласы мен Ферғана облысының қолөнершілері арасындағы іскерлік байланыс нығая түседі.

Меморандум аясында түркістандық қолөнер шеберлері ферғаналық қолөнершілермен тәжірибелік біліктілігін арттырады. Ол үшін Түркістан қаласында арнайы қолөнершілер бірлестігі құрылып, жүйелі жобалар жүзеге асырылмақ.

Осылайша, алдағы уақытта түркістандық қолөнершілер өндірісте жаңа технологияларды қолдануға, қолөнер бұйымдарын жасауды үйренуге Ферғана, Самарқанд қалаларында арнайы білім жетілдіруге мүмкіндік алады. Сонымен бірге қолөнер бұйымдарын тікелей жеткізу жолдары келісілді. Бүгінде меморандум аясында тиісті жұмыстар басталып кетті.