ТҮРКІСТАНДА «ОТБАСЫ» САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ
Түрленген Түркістанның саялы бақтары қатары — «Отбасы» саябағымен толығады. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков «Яссы» секторы тұрғындарымен кездесуінде азаматтар демалыс орнын салуды сұраған болатын. Бүгінде өтініштер бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып, аталған секторда «Отбасы» саябағы салынды.
Жаңа саябақтың жалпы аумағы — 0,44 гектарды құрайды. Саябақта 3785 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолы және 386 шаршы метр арнайы веложол қарастырылған.
Сондай-ақ, тұрғындар стадион, балалар ойын алаңшасы мен стритворкаудты қолдана алады. Көгалды аумаққа 150 түп ағаш, 300 түпті гүлді ағаштар егілген. Мұнан бөлек, келушілер жайлылығы үшін 30 дана орындық қойылса, 224 шаршы метр жерге көлік тұрағы белгіленген.