ТҮРКІСТАНДА «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында Республика күні ұлттық мерекесіне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының қорытынды облыстық байқауы өтті.
Аталған байқау Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылды.
Ашылу салтанатында сөз алған облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Керімбек Мырзабаев байқаудың қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайтудағы рөліне тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жас таланттардың шеберлігін шыңдаған байқауға өз саласының білгірлері, мәдениет, өнер саласының майталман мамандары қазылық етті. Әділқазылар мүшелері қатысушылардың сөйлеу мәнеріне, мәтіннің бейнелік жүйесі мен мазмұндық құрылымына, актерлік шеберлігіне, таңдап алынған шығарманың ерекшелігіне мән берді.
Байқауда қазылар қатарында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті «Орындаушылық өнер» кафедрасының аға оқытушысы Иманәлі Сайманов, Түркістан қалалық білім бөлімінің әдіскері Тоғжан Кенжебаева, Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасының «Мәдениет және халық шығармашылығы орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Мұрат Жұманов болып, төрелік етті.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалы мен облыстық қоғамдық даму басқармасы тарапынан Алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Нәтижесінде, «Өнерлі өрге жүзер» байқауында саурандық Дильноза Таджимет топ жарды.
«Жаркыра жас дарын» байқауында саурандық Юлдашева Рухшона 3 орынмен марапатталды.
Жарайсыңдар қыздар
Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келысым» КММ-нің Сауран аудандық филиалы