ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 6224 ПӘТЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛЕДІ

«Президент Халыққа Жолдауында азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты,ең алдымен баспана мәселесіне тікелей байланысты екенін атап өтті.
Қалада 15,6 мыңнан астам адам үй кезегінде тұр.
Былтыр «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында барлығы 600 мың шаршы метрді құрайтын 160 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді. Оның ішінде 170,2 мың шаршы метр құрайтын 42 тұрғын үй құрылысы аяқталып, 2 561 отбасы баспаналы болу мүмкіндігіне ие болды. Өткен жылы салынған үйлер бойынша қала тарихында рекордты көрсеткішке қол жеткіздік. 2020 жылмен салыстырғанда 6 есеге артық, дегенмен үй кезегінде тұрған азаматтар санын ескере отырып, бұл әлі де өте аз.
2014-2021 жылдары Түркістан қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған тұрғын үйге мұқтаж отбасыларды баспанамен қамту мақсатында 2510 пәтер берілген болатын. Қазіргі таңда сол пәтерлердің дұрыс пайдаланылуы мен таратылуын реттеу мақсатында жұмысшы топ құрылды. Қаламыздың кейбір кезекте тұрған азаматтарының шағымдарын ескере отырып, жұмысшы топ бірнеше бағытта зерделеу жұмыстарын атқарады.
Түркістан қаласында салынып жатқан үйлердің 87,5 пайызы мемлекеттік қаржысына салынған үйлер. Олар бюджеттің мүмкіндігіне тәуелді. Коммерциялық үйлер салатын компанияларды қолдау Түркістанда баспана мәселесін шешуге зор ықпалын тигізер еді.
Биыл 400 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. 6 224 пәтер халықтың игілігіне берілуі тиіс.
Халықтың пайдалануындағы қаламыздағы көпқабатты үйлерді күтіп ұстау мен қарау қажеттілігі және осы мәселені жүйелендіру күрделі мәселе болып отырғаны баршаңызға мәлім.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және қамтамасыз ету бойынша МИБ — «Мүлік иелерінің бірлестігі» немесе ЖС — «Жай серіктестік» – азаматтық шарт негізінде жалпы үйлік мүліктің барлық меншік иелерімен «Үйді бірлесіп басқару және күтіп ұстау» қызметін ашу мақсатында «Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы» бөлімі Түркістан қаласы І- мөлтек ауданындағы 110 көпқабатты тұрғын үйге төрағаларымен бірлесіп, тұрғындарға жиналыстар өткізу арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындардың басым көпшілігі «Жай серіктестік» азаматтық шарт негізінде жалпы үйлік мүліктің барлық меншік иелерімен үйді бірлесіп басқару және күтіп ұстау қызметін қабылдауда. Қазіргі таңда 110 көпқабатты тұрғын үйге тұрғындармен келісім хаттамалар толтырылып, «Easy projekt» ақпараттық жүйесіне «Жай серіктестік» ретінде тіркелді. «Жаңа қала» мөлтек ауданындағы жаңадан пайдалануға берілген көпқабатты тұрғын үйлерге «Жай серіктестік» құру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде, қазіргі таңда Жаңа қала № 9 көше №12, №16, №16/1, №21, №21/1 үйлерге хаттамалар толтырылып, 5 үй «Жай серіктестік» ретінде тіркелді»,- дейді Нұрбол Тұрашбеков .