ТҮРКІСТАН-САЙРАМ: «ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК» ЖОБАСЫ АРҚЫЛЫ АЗАМАТТАРҒА ЗАҢ АЯСЫНДА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

 

«AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде, Сайрам ауданынының жеке сот орындаушысы-Оңталапұлы Ербол , заңгер– Султанкулов Хусниддин, кәсіби медиатор- Даванова Саяра Мирзалиқызы «Құқықтық көмек» жобасы аясында қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген 2 азамат шоттарының бұғатталуы, медиатор арқылы отбасылық мәселелерін шешу және атқарушылық өндіріспен келіспеу мәселесі бойынша заң аясында көмек сұрап келді.

Өтініш білдіріп келген азаматтарға заң аясында кеңестер беріліп түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Заңгерлер әрбір өтінішті жан-жақты зерделеп, шешілуіне дейін бақылауға алды.

«AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалы
#AMANAT