ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАЛУАНДАРЫ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНАН 6 ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
Абай облысы, Семей қаласында (U17) жасөспірімдер арасында еркін күрестен Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Түркістан облысының намысын 51 келі салмақ дәрежесінде қорғаған Олжас Жауынбаев қарсыластарының барлығының жауырынын жерге тигізіп, ел чемпионы атанды. 110 келіде сынға түскен тағы бір жерлесіміз Едіге Қасымбек те бас жүлдені қанжығасына байлады.
Боз кілемде бағын сынаған 51 келідегі Нұрасыл Асамбек пен 80 келіде өнер көрсеткен Ерхан Абил күміс жүлдегер атанды. 55 келідегі Азат Қойлыбек пен 110 келі салмақтағы Есбол Төлеуов қола жүлдені жеңіп алды.
Жарыс нәтижесінде Түркістан облысының құрамасы командалық есепте үшінші орынды иеленді. Еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы Түркістан облысының аға жаттықтырушысы Абылайхан Рысбаевтің шәкірттері енді халықаралық сайыстарға дайындалады.