ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТКЕН ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЗДЫҢ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ
Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Түркістан облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен сағат 10:10-да оқиға орнынан 11 км жерде қыздың мәйіті судан алып шығарылды.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 25 наурызында шамамен сағат 17:00-де кәмелет жасына толмаған қыз бала үйінен ойнауға шығып кетіп, қайта оралмаған еді.
Іздестіру құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 112 жеке құрам, 1 квадрокоптер, 7 бірлік техника және жедел құтқару жасағынан 5 сүңгуір, 2 жүзу қайығы, 1 бірлік техника, Полиция департаментінен 20 адам, 4 бірлік техника, жергілікті атқарушы органнан 2 адам, 1 бірлік техника жұмылдырылды.