ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИМАМДАР МЕН ТЕОЛОГТАРҒА АРНАЛҒАН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалында облыстық Дін істері басқармасының сұранысына сәйкес «Өңірдің қағамдық-саяси өміріндегі имамдардың (теологтардың) рөлі» тақырыбында 9-10 наурыз аралығында семинар өтті.
Семинар барысында тыңдаушылар қоғамдық келісім мен дін саласындағы мемлекеттік саясаттың ерекшеліктерімен танысып, Қазақстандағы діни ахуал мен негізгі проблемалар, тенденциялар бойынша ақпарат алды.
Ал, имамдардың көркем уағыз айта білу дағдыларын қалыптастыру мақсатындағы шешендік өнері дәрісінде қатысушыларға практикалық кейстер арқылы тәжірибелік сабақтар берілді.
Азаматтарды құмар ойындардан, қаржылық пирамидалардан, мақсатсыз бос қызығушылықпен несие алудан сақтандыру мақсатындағы қаржылық сауаттылық дәрісі қатысушылардың зор қызығушылығын тудырды.
Қазіргі қоғамдағы мәселелермен мысал келтіре отырып уағыз айту арқылы қоғамдық сананы жетілдіру құралы ретінде өткен сторителлинг сабағы тыңдаушыларға берілген жаңа дағды болды.
Әлеуметтік желілерді тиімді басқару және ақпараттық талдау дәрісінде әлеуметтік желіде жеке парақша жүргізу әдебі мен оның маңызды тұстарын және пост жариялау мен сұрақтарға дұрыс жауап бере білу дағдылары туралы ой қозғалды.
Семинар қорытындысы бойынша Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Р.Сабыржанұлы мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару акамедиясының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры А.Ыдырысова оқу курсын қорытындылап, қатысушыларға арнайы сертификаттарды табыстады.