ТҮРКІСТАН: КЕНТАУЛЫҚ ЖАС СПОРТШЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА САМБОДАН ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Самбо күресінен Қырғызстан елінің астанасы Бішкек қаласында жастар және жасөспірімдер арасында күрестен әлем чемпионаты өтті. Чемпионтқа Түркістан облысының жастары қатысып, елге олжамен оралды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған oninfo.kz ақпараттық агенттігі.
Солардың ішінде самбо күресінен бақ сынап, қола жүлдені еншілеген талантты Ақбота Қыдырәлі де бар. Ол 2005 жылы Кентау қаласында дүниеге келген. Ақбота 2015 жылы, мектептің 4-сыныбынан бастап БЖСМ-нің дзюдо күресі бөліміне қатысып келеді. Жаттықтырушылары – Арғынбаев Самат және Арғымбаев Қанат.
Айта кетейік, жас спортшы бүгінге дейін дзюдо, самбо, белбеу күрестерінен Түркістан облысының бірнеше дүркін жеңімпазы атанған.
2021 жылғы Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы, самбо күресінен 2021 жылғы Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері, белбеу күресінен 2021 жылы Ресей Федерациясы Татарстан Республикасының Қазан қаласында жасөспірімдер арасында өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері.