ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТАТЫН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
Келес ауданындағы кәсіпкерлер балық шаруашылығымен айналысуды жоспарлап, арнайы жер телімдерін беруді сұрап отыр. Осы бағытта Келес ауданының басшысы Жәнібек Ағыбаев өңірдегі өзен арналарын жағалай аралап, балық шаруашылығына қолайлы аймақтарды көріп шықты. Жамбыл және Бозай ауылдық округтерін жағалай өтетін Сырдария өзенінің қолайлы тұстарын анықтап, арнайы картаға белгіленді.
– Балық шаруашылығы кәсіптің табысты көздерінің бірі. Аталған шаруашылықты дамытуға мемлекеттік қолдаулар да болады. Бүгінде балық асырап, көбейтемін дегендер халық тығыз орналасқан аймақтағы Келес өзенінің ескі арнасының орнын сұрап келуде. Міне аралау барысында Сырдария өзенінің бойынан талапқа сай келетін аймақтар анықталып отыр. Кәсіп бастап, балық бағамын дегендерге осы аймақтардан жер беруге дайынбыз, – деді аудан әкімі.
Айта кетейік, бүгінде Келес ауданында балық шарушылығымен айналысатын 10-нан аса тіркелген кәсіпкерлер бар. Олардың саны жыл сайын артуда. Шаруалардың арасында балықты өсірумен қатар қайта өңдеуді де қолға алғандары бар.
Балық шаруашылығы бір қарағанда қызықты болғанымен өзіне тін қиындықтары өте көп. Сауран ауданы Келес ауданында 2020 – жылдың 20-шы қыркүйегінен бері Усар Арапханұлының балық шаруашылығы жұмыс жасап келе жатыр. Отбасылық кәсіп ретінде басталған жұмыстың негізін қалаушы әкесі Арапхан мырза екен. Жалпы аумағы 9 гектар жерді алып жатқан шаруашылықта қазіргі таңда төрт түрлі балық өсіріледі.
Кейіпкеріміз Түркістан облысы мекенінің тұрғыны. 2020- жылы кәсіпті кейіпкеріміздің әкесі бастаған. Ең алғаш 2020 – жылы 20 қыркүйек күні қазба жұмыстары басталған, 2021 жылы наурыз айында қазба жұмыстарын аяқтап, сол уақытта балықтың төрт түрінен шабақ тастаған. Ол кездегі балықтардың салмағы орташа 100-150 грам болса, қазір жоқ дегенде 3 килограмм шығады екен. Балықтарға жылына 80-85 тонна шамасында жем беріледі және жылына 4 рет су ауыстырылып отырады.