ТҮРКІСТАН: ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУДЕ КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАБУДА
Биылғы 29 наурызда облыс әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданының тұрғындарымен кездескен болатын. Кездесуде Темірлан елді мекеніне қарасты «ПМК» мөлтек ауданының тұрғындары ауыз су мәселесін көтерді.
Қазіргі таңда көтерілген мәселе бойынша «Таза су» мекемесі тарапынан аталған мөлтек ауданның шекарасына кейіннен қосылған бес көше, яғни 100-ден астам үйге ауыз су құбырын тарту жұмыстары басталды. Ауыз су жүйесінің жалпы ұзындығы 2 377 метрді құрайды. Жұмыстар үш кезеңмен жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын 1,5 ай көлемінде аяқтау жоспарлануда.
Осы орайда, Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылап, тұрғындармен кездесті. Аудан басшысы бұдан бөлек, аталған мөлтек ауданда жол салу жұмыстарын жүргізу жоспарда бар екенін жеткізді.