ТҮРКІСТАН: БЫЛТЫР КЕЛЕС АУДАНЫНДА 510 МЫҢ ТОННА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ

2022 жылы Келес ауданында ауыл шаруашылығы саласында айтарлықтай нәтиже бар. Атап айтар болсақ, егістік көлемі — 26 314 гектарды құраған. Оның ішінде астық, дәнді және бұршақ дақылдары – 8 397 га, майлы дақыл – 53 га, техникалық дақыл – 440 га, көпжылдық мал азықтық дақыл – 4 358 га егілді. Ал көкөніс, картоп, бақша дақылдары бойынша егістік — 11 981 га құрады.

Ауыл шаруашылығы саласын іргелілетуде тың технологиялар мен техникалардың рөлі маңызды. Шаруалардың да еңбегі орасан екенін атап өткен жөн. Былтыр 71 дана жаңа техника шаруалар тарапынан сатып алынса, 10-нан аса жаңбырлатып суару технологиясы енгізілді, — дейді Келес аудандық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін уақытша атқаршы Өмірсерік Алтынбаев.

Атап кетейік, келестік шаруалар науқан барысында 20 676 тонна астық дақылдары, 5 730 тонна техникалық және майлы дақылдар, 431 953 тонна көкөніспен картоп және бақша дақылдары, 52 320 тонна қыстық мал азығын жинаған.