ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТІК ТҰРҒЫН «ZHAS PROJECT» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
Түркістанда «Ұлы дала» ауыл бизнесін дамыту ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, Түркістан облысы «ZHAS PROJECT» жобасының жеңімпаздарын анықтау рәсімі өтті. Аталған жоба аясында бәйдібектік Ботакөз Жетпісбайқызы, Кондитерлік цех жобасы бойынша жеңімпазы атанды.
«ZHAS PROJECT» жобасы – жастарды, әсіресе осал топтарды қоғамдастық өмірге тарту және қоғамдастықтың игілігі үшін пайдалы қызметті оқыту бағдарламасы арқылы өмірлік маңызы бар дағдыларға баулу мақсатында ұйымдастырылған.
Осы жылы Түркістан облысында гранттар беру рәсімдерінің барынша ашықтығын қамтамасыз ете отырып, «ZHAS PROJECT» жастардың осал топтары арасында жобаны іске асыру шағын гранттар жобасы іске асырылды. Нәтижесінде облысымыздың аудан, қаласынан 143 өтінім түсіп, оның ішінен ережеге сай келген 61 жоба техникалық іріктеуден өткізілді. Сонымен қатар келесі кезеңге өткен жастар 3 күндік онлайн семинар-тренинг оқуынан өтті. Соңғы комиссия отырысында 30-ға тарта жоба комиссияға ұсынылып, нәтижесінде 20 жоба грант иегері атанды.