ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТАҒЫ «ШЫҒЫС» МӨЛТЕКАУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы «Шығыс» мөлтекауданының бас жоспарына сәйкес 1000 гектар жер телімі белгіленген болатын.
Осыған орай, аталған жердің 80 гектар жер теліміне инженерлік инфрақұрылымының құрылысы басталды. Бұл құрылысты 2023 жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланған.
Инфрақұрылымның құрылысы аяқталғаннан соң 80 гектар жерге жер учаскелері беріліп, 300 орындық және 250 орындық жатақханасымен «Дарын» мектебі, 900 орындық мектеп, 240 орындық балабақша, әкімшілік және коммерциялық нысандар салынатын болады.
Аудан әкімі Азизхан Исмаилов пен аудандық мәслихаттың төрағасы Тайбек Қалымбетов және мәслихат депутаттары нысан басына арнайы барып, бас жоспармен тағы да бір танысты. Аудан басшысы ұсыныстарын айтып, құрылыс жұмыстарының сапалы орындалуын басты назарда ұстау керектігін жеткізді.