ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА АУДАНДЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

Қазығұрт аудандық орталық мәдениет үйінде «Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам» атты форум болып өтті. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған oninfo.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Жиынға аудан әкімі Азизхан Исмаилов, аудандық сот төрағасы Даулетияр Машрапов, аудан прокуроры Қанат Базарбаев, аудандық полиция бөлімінің басшысы Мұрат Ермеков, сондай-ақ аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі қызметкерлері мен белсенді жастар қатысты.
Форумның басты мақсаты — бүгінгі жастардың тәрбиесі, отбасыдағы және қоғамдағы орны, жастардың қауіпсіздігі мен қылмыс жасауының алдын алу шараларын талқылау.
Іс-шараға қатысқан аудан әкімі Азизхан Исмаилов және басқа да мекеме басшылары өзекті мәселелерге қатысты пікірлерін айтып, жастардың жарқын болашағы үшін жағдай жасау қажеттігін, алдыңғы аға буын өкілдері ретінде жол көрсету керектігін айтты.