ТҮРКІСТАН: АУЫЛ ӘКІМІ ЕКІ АДАМДЫ ҚАРҒЫН СУДАН БЕЛІНЕ АРҚАН БАЙЛАП АЛЫП ШЫҚТЫ (ВИДЕО)
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған оқиға бүгін Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында болған. Шаян-Мыңбұлақ облыстық маңызы бар автожолда келе жатқан «ВАЗ-2106» автокөлігі қырдан аққан ағын судың әсерінен жолдан шығып кеткен.
Автокөліктегі 39 жастағы ер азамат, 33 жастағы аяғы ауыр әйел мен 7 жастағы бала құтқарылды. Көлік үстінде қалған әйел мен баланы Бәйдібек ауданы, Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі Ғалымжан Әкімбаев беліне арқан байлап алып шыққан.
Қазіргі таңда әйел мен бала дәрігерлер бақылауында.