ТҰРАН АУДАНЫНДА БИЫЛ 12 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ
Жыл соңына дейін аудандағы 12 көше жарықтандыру жүйелеріне қосылады. Бірінші кезекте шағынаудандардағы әлеуметтік нысандар орналасқан және қоғамдық көліктер қатынайтын орталық көшелер жарықтандырылады.
Аталған жұмыстар:
•112 орам
•Жаңаталап
•Отырар
•Самал
•Қазығурт
•Актас шағынаудандарында жүргізіледі.
Қала әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында 2021-2023 жылдар аралығында 312 көшені жарықтандыру жоспарланып, бұл бағытта тиісті келісім шарттар жасалды.