ТҰРҒЫНДАР ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ
Сауран ауданында «Дүниежүзілік тазалық күніне орай дәстүрлі «World Cleanup Day 2023» экологиялық акциясы өтті. Акцияның мақсаты — халықты біріктіре отырып, аумақтарды қоқыстардан тазарту.
Тазалық акциясына 389 адам қатсыты. Оның 134 -і мемлекеттік қызметкер. Сонымен қатар, акцияға аудан тұрғындары мен жастар белсене қатысты. Нәтижесінде 5,7 тонна қоқыс шығарылды. 3 техника жұмылдырылды. Аудан аумағындағы саябақтар, арық-атыздар, көшелер күл-қоқыстан толық тазартылды.
Акцияның басты мақсаты – жұртшылықтың, әсіресе жастардың назарын орман екпелерінің, демалыс орындарының қоқыспен ластану проблемасына аудару, Түркістандағы экологиялық жағдайды жақсартуға жәрдемдесу, қоршаған табиғатқа ұқыпты қарауды насихаттау және табиғатпен үйлесімді өмір сүретін қоғамның мәдениетін қалыптастыру.
Ауданның әр тұрғыны өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстаса, өңір тазалығына
Өз ауылының тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Қоршаған ортаны сақтау және қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыруға тазалық акцияларының маңызы зор.
Сауран ауданының жергілікті тұрғыны Гульзада Серкебаева экологиялық акцияға өз үлесін қосты. Ол Түркістан облысы, Сауран ауданында дүниеге келген.
Қазіргі таңда 5 баласы бар кейіпкеріміз үй ханымы. Тазалық барысында аулаларды, көшелерді қоқыстардан тазартты. Кейіпкердің айтуынша «Әр ай сайын тазалық акциясын өткізіп отыру керек сияқты. Ауданымыз тазарып, көңіліміз жайланып қалды» — дейді.