ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ
Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапары басталды. Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Исабеков Данабек Ержанұлы Шымкент қаласына іс-сапары барысында Тұран ауданы Жаңаталап елді мекені, Абай ауданына қарасты Көкбұлақ, Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабтарының, Қызылжар шағын ауданының, Ақжар елді мекенінің тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге «AMANAT» партиясы Абай аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Е.Бертаев, Тұран ауданы әкімінің орынбасары Б.Мелдебеков және аудан тұрғындары, ауыл билері қатысты.
Басқосуда тұрғындар халық қалаулысына аудандағы қордаланған мәселелер бойынша сауалдарын, талап-тілектерін жолдады. Атап айтсақ, жер телімдерінің құжаттарын рәсімдеу, елді мекендерде көшелерді жөндеу, жайылымдық және суармалы жерлердің мәселесі және т.б.
Сондай ақ, халық қалаулысы №1 Шымкент қалалық клиникалық ауруханасының ұжымымыен кездесіп, медицина қызметкерлерінің ой- пікірін тыңдады.
Өз кезегінде Данабек Ержанұлы тұрғындар көтерген мәселелерді тиісті мекемелерге жолдап, оң шешілуіне ықпал жасайтынын айтты.