ТҰРҒЫНДАРҒА ТАБИҒИ ГАЗ ЖЕТКІЗУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Исабеков Данабек Ержанұлы Шымкент қаласындағы іс-сапары барысында Қайнарбұлақ тұрғын алабының тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге «AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ә.Иманқұлов, Абай ауданы әкімдігі, Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының қызметкерлері және аудан тұрғындары, ауыл билері қатысты.
Басқосуда тұрғындар халық қалаулысына аудандағы қордаланған мәселелер бойынша сауалдарын, талап-тілектерін жолдады. Атап айтсақ, сапалы электр жарығы, газ мәселесі, ішкі көшелерді асфальттау және жарықтандыру тақырыптары қозғалды. Өз кезегінде Данабек Ержанұлы аталған мәселелерді тиісті мекемелерге жолдап оң шешілуіне ықпал жасайтынын айтты.
#AMANAT