Тұрғын мәселесі тыңдалды

“Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдасын іске асыру барысында, Шымкент қаласы, Абай ауданы, Самал-3 шағын ауданы тұрғындарымен кездесу өткіздік.
Жергілікті тұрғындармен танысып, мәселелерін тыңдадық.
Елді мекеннің Қоғамдық бақылау кеңесінің төрағасы Нұржан Жанзақов, кеңес ардагерлері, билері, қатысқан жиында елді мекенде шешімін таппай жүрген бірнеше мәселелер көтерілді.
Жиынға келген елді мекен тұрғындары, мекеннің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын айтса, бірі көше қиылысына бейнебақылау камералары, аялдама орнату, жұмыссыздық мәселелерін қозғады.
Айтылған мәселелерді бақылауға алып, өз тарапымнан жүйелі және тұрақты түрде жүзеге асыру үшін Депутаттық сауал жолданып шешімін табатын болатындығы жеткізілді.
Самал-3 ш.а көше бойларын жарықтандыру бойынша өтініштерін назарға алып, 14.03.2021ж № 1-200 санды Депутаттық сауал жолданып Шымкент қаласының Энергетика және Инфрақұрылымды дамыту басқармасымен 2021 жылы соңына дейін Самал-3 ш.а аудан аумағында Ізгілік, Алпамыс батыр , № 136 орта мектеп жарықтандырылса, 2022ж. Соңына Ж. Серікбаев көшесі жарықтандыру бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
Сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тұрғындар Ж. Серікбаев және Қ,Сыздықов көшелерінің бойына бейне бақылау камераларын орнату ұсынысы айтылды, 15.03.2022ж Шымкент қаласы Полиция Департаментіне № 1-207 санды Депутаттық сауал жолданып, Нәтижесінде, Полиция Департаментінің №30-44/1829 санды хатымен Шымкент қаласының әкімдігіне ұсыныс берілді алдағы уақытта тұрғындар Ж. Серікбаев және Қ,Сыздықов көшелерінің бойына бейне бақылау камералары орнатылатын болады.
Және тұрғындар тарапынан жаяу жүргіншілер жолағын жаңартып бояу жұмыстарын жүргізу бойынша ұсыныстары қабылданып, Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына №1-174 санды депутаттық сауал жолданып , алдағы уақытта жұмыс жүргізілетін болады.
Тұрғындар тарапынан келіп түскен арыз-шағымдардың шешімін табуға өз тарапымнан «AMANAT» партиясының фракция мүшесі, мәслихат депутаты ретінде жұмыс жүргізілетін болады.