СТАТИСТИКА ДЕПАРТАМЕНТІІҢ ӨКІЛДЕРІ СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

Сауран аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін атқарушы Ербол Жанғазиевтың қатысуымен семинар-кеңес болып өтті. Семинарға Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті салалық басқармаларының мамандары, аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі, ауылдық округ әкімдері мен мамандары қатысты. Жиында Түркістан облысы бойынша департаменті Тіркелімдер басқармасының басшысы Р.Есбергенова күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып, жиналысты жүргізіп отырды.

Семинардың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша құрылымдық статистикасы басқармасының басшысы А.Шаңрақшиева, құрылыс және инвестициялар статистикасы бойынша көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша құрылыс және инвестиция статистикасы басқармасының басшысы А.Хан, ауыл шаруашылығы статистикасының негізгі көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша ауыл шаруашылығы статистикасы басқармасының бас маманы А.Калисаева баяндама жасады.

Сонымен бірге, өнеркәсіп статистикасы бойынша статистикалық көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша өндіріс және қоршаған орта статистикасының бас маманы Р.Әбішова, респонденттердің алғашқы сатитстикалық деректерді ұсыну қағидаларын түсіндіру, әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснамасын түсіндіру бойынша тіркелімдер басқармасының басшысы Р.Есбергенова хабарлап өтті.

Жиналысты қорытындылыған аудан әкімінің міндетін атқарушы Ербол Жанғазиев күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша алдағы уақытта аудан көлемінде тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтып, ауылдық округ әкімдеріне, бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, орындалуы бақылауда болатынын жеткізді.