СПОРТҚА ҚОЛЖЕТІМДІЛІК: ӘКІМ ХАЛЫҚ ҰСЫНЫСТАРЫН НЕГІЗІНДЕ НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің тұрғындармен өткізген көшпелі кездесулерінде спорт инфрақұрылымын дамыту мәселесі – басты тақырыптардың бірі болды.

Кездесулер барысында бірқатар шағынаудандардың тұрғындары өз аудандарында спорттық нысандардың жетіспеушілігіне қатысты мәселелерді көтерді.


Тұрғындардың нақты өтініштері

  • Бозарық шағынауданының тұрғыны Нұрлан Уткелбаев өз аудандарында спорт кешенінің жоқтығын жеткізді.

  • Азат шағынауданынан келген Мақсат Тоғызбаев заманауи спорт нысанын салу қажеттігін атап өтті.

  • Әл-Фараби ауданының тұрғыны Қарлығаш Рахиева болса, Орталық саябақта спорттық іс-шараларды өткізу қажеттігін тілге тиек етті.


Әкімдік нақты қадамдарға көшті

Қала әкімі аталған ұсыныстар бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, қажетті зерделеу жұмыстарын жүргізуді міндеттеді.

Зерделеу нәтижесінде:

  • Бозарық шағынауданында заманауи спорт кешенінің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Құжат мақұлданғаннан кейін құрылыс жұмыстары 2026–2027 жылдарға жоспарланған.

  • Азат шағынауданында спорт нысанына арналған жер телімін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

  • Бұдан бөлек, бұқаралық спортты қолдау мақсатында 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Орталық саябақта шахматтан ашық турнир өткізу жоспарланды. Оған түрлі жастағы қала тұрғындары мен ардагерлер қатысады.


Қалалық спорт – әр тұрғын үшін қолжетімді болуы тиіс

Шағынаудандарда спорт нысандарын көбейту, бұқаралық спортты дамыту – дені сау қоғам қалыптастырудың басты алғышарты.

Әкімдік халықтың ұсынысына құлақ асып, нақты істермен жауап беруді жалғастырады.