СОФЬЯ БЕРУЛЬЦЕВА ТОКИОДАҒЫ XXXII ЖАЗҒЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

61 келі салмақта жартылай финалда Қазақстанның намысын Софья Берульцева қорғайды.

Бұл кезеңде оның қарсыласы Мысырдың 22 жасар өкілі, 2018 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Ферьял Абделазиз болды.

Жекпе-жектің алғашқы секундтарында ақ дәл соққы берген біздің каратешіміз есепті ашты. Бірнеше сәт өткен соң Ферьял есепті теңестіріп, «жарылғыш» соққылардың тактикасын ұстана бастады. Нәтижесінде 3:1 есебімен алға шықты.

Екінші минутта Софья «юко» мен бір ұпай жинап, 15 секундтан кейін қайталады, есеп 3:3.

Ферьял Абделазиз біздің спортшының соққы бермек үшін кез-келген талпынысын қайтарып, жауап ретінде шабуыл жасады. Соңғы есеп Мысыр спортшысының пайдасына шешіліп, 5:4 болды. Софья Берульцева Токиодағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

Естеріңізге сала кетейік, каратэ спорт түрі ретінде алғаш рет Олимпиада ойындары бағдарламасында ұсынылған, яғни София қол жеткізген нәтиже тарихи дерек боп қалмақ. Бұған дейін турнирдің «қола жүлдесін» Дархан Асаділов жеңіп алды. Біздің спортшылардың есімдері Қазақстанның спорт тарихына мәңгілік жазылады.

Спортшылар Шымкент қаласының өкілдері!

Құттықтаймыз!