«Смартфон» термині қашан шыққан? Телефон туралы қызықты мәліметтер
Біз смартфонды күнде қолданамыз. Көптеген елдерде телефон саны, адам санынан көп. Осы керемет техникаға қатысты фактілермен таныс болыңыз.
Ұялы телефонмен алғаш қоңырау шалған адамның есімі – Мартин Купер. Бір қызығы: ол өзінің тікелей бәсекелестеріне звандаған.
«Смартфон» термині алғаш рет, Ericsson компаниясы 2000 жылы жаңа телефонын ұсынған кезде қолданды.
Тарихтағы ең көп сатылған телефон – Nokia 1100 немесе «кірпіш». 2003 жылдан бастап, 250 миллион құрылғы өткізілді.
Ұялы телефондардың 75 пайызы Қытайда жасалады.
Apple компаниясының иеленушісі Стив Возняк, 888-888-8888 нөмірінің алғашқы иеленушісі болған.
Бірақ, ол бұл нөмірден бас тартты, өйткені оның телефонына көптеген бейтаныс адамдар қоңырау шала бастады.
Түрлі-түсті экранды телефонды ең бірінші болып, 1997 жылы Siemens компаниясы шығарды.
Ал, фотокамерасы орнатылған құрылғы – 2003 жылы Samsung компаниясының көмегімен жарық көрді.
Гиннес рекордтар кітабына сәйкес, Sonim XP3300 Force – әлемдегі ең мықты телефон. Ол 25 метрден құлап, бұзылған жоқ.
Алғашқы SMS хабарлама. 1992 жылы компьютерден телефонға жіберілді.
Жапонияда смартфондардың 90%-ы, ылғалдан қорғайтын материалдан жасалады. Өйткені, «Күншығыс елінің» тұрғындары, оны шомылған кезде де қолынан тастамайды екен.
Автокөлік жүргізген кезде телефонды қолданатын адамдар, мас күйде жүргізетін адамдардан қарағанда жиі апатқа түседі.
Iphone – әлемдегі ең атақты бренд болғанына қарамастан, барлық смартфондардың 80%-ы, Android операциялық жүйесінде жасалған.
Ұялы телефонды көбінесе қоңырау шалуға емес, уақытты білу үшін пайдаланады.
Жаңа телефондарды өндіру саласы – әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан индустрия болып табылады.