ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР БІРІНШІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ
Шымкент қаласы ТЖД құрама командалары 2021 жылғы 24-29 мамыр аралығында Атырау қаласында өткізілген өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ҚР ТЖМ «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы» ҚБ кубогы турниріне қатыстып, жүлделі орынға ие болды. Жалпы 10 ерлер, 8 әйелдер командасы қатысқан тартысты жарыс өрт сөндіру-құтқару спортының «оқу мұнарасының 2 және 4 қабаттарының терезесіне иінді сатымен шығу», «кедергісі бар 100 метрлік жолақтан өту», және «4х100 метр өрт эстафетасын еңсеру» түрлерінен болды.
Бұл турнирде табанды еңбектің нәтижесінде Шымкент қаласының әйелдер командасы оқу мұнарасының 2-ші қабатына иінді сатымен көтерілуден 1-ші орынды, кедергісі бар 100 метрлік жолақтан өтуден 2-ші орынды, өрт эстафетасынан 1-ші орынды иеленді. Қорытынды бойынша жалпы командалық есепте әйелдер командасы БІРІНШІ ОРЫНДЫ иеленді.
Сондай-ақ оқу мұнарасының 2-ші қабатына иінді сатымен көтерілуден әйелдер арасында Салмина Валентина 3-ші орынды алды.
Ал ерлер командаларының арасындағы жарыста кедергісі бар 100 метрлік жолақтан өтуден 1-ші орынды Вахиджан Казакбаев қанжығасына байлады.
Біз спортшыларымызды құттықтаймыз!
