ШЫМКЕНТТІК БОКСШЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
«Польшаның Кельце қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем біріншілігінде 75 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Дана Дидай финалда үндістандық Санамача Токчоммен шеберлік байқасты. Осылайша, бокстан Қазақстан бойжеткендер командасы әлем біріншілігін 2 күміс, 3 қола жүлдемен аяқтады. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтап, еліміздің спорт саласында аянбай еңбек етіп, елдің намысын қорғап жүргені үшін алғысымды білдіремін», — деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Пернебайұлы.
Осы орайда, қала әкімінің орынбасары спортшы мен бапкерлер қауымын арнайы қабылдап, сый-құрмет көрсетіп, алдағы жарыстарына сәттілік тіледі.
Айта кетейік, Дана Дидай – Шымкент қалалық №5 кәсіпқой бокс түрлері клубының шәкірті.