ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫНА 30 МЫҢ ТОННА МИНЕРАЛДЫ СУ ШЫҒАРАТЫН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Шымкент қаласының Қаратау ауданында «Барыс 2007» ЖШС минералды су шығару кәсіпорны іске қосылды.
Жоба құны – 300 млн теңге. Кәсіпорын жылына 30 мың тонна минералды су шығарады. Зауытта 15 адам жұмыспен қамтылып, 300 млн теңгеге жуық инвестиция тартылды. Құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталып, Елорда күні мерекесі қарсаңында аяқталды.
Шымкент қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Елорда күні мерекесі аясында бірқатар ауыл шаруашылығы нысандарының тұсауы кесілді.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов нысандардың онлайн форматта ашылу рәсіміне қатысты.
Мерекеге орай қалада «AgroPark» ЖК жылыжай кешені іске қосылды. Қаратау ауданында 5 га аумақта жүзеге асырылып жатқан жылыжай кешені жылына 1500 тонна қызанақ және қияр өндіретін болады.
Жылыжай кешенінде 70 адам жұмыспен қамтылған. Жобаға 1,5 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды.