ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛДАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Атап айтар болсақ, Нұрсәт шағын ауданындағы Назарбеков көшесін қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Қазір Бадам өзенінен өтетін көпірден бастап Республика даңғылының қиылысына дейінгі 6,7 шақырымдық А-2 айналма жолын жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Аталған жөндеу жұмыстары 20 –наурызға дейін толық аяқталады. Қазіргі таңда реконструкция жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.