ШЫМКЕНТТЕ СИМУЛИЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
Шымкентте «қала күні» мерекесі мен медицина қызметкерлері күніне орай, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен медициналық жедел жәрдем стансасында орталықтандырылған симуляциялық орталық ашылды, деп хабарлайды oninfo.kz ақпарат агентті қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қалалық жедел жәрдем стансасының бас дәрігері Гүлнәр Құрманбекова ашылған орталықтың жұмысымен таныстырып өтті. Жаңа орталықта медицина мамандарымен қатар, апатты шақыртуларға алғашқы болып баратын төтенше жағдай қызметiнiң мамандары мен полицейлер де заманауи шұғыл көмек көрсетудің әдic-тәсiлдерiн меңгеріп, кәсіби біліктіліктерін шыңдай алады. Симуляциялық орталық соңғы үлгідегі құрал- жабдықтармен қамтылған. Оқытуға арналған құрылғылар автоматты түрде жұмыс істейдi. Әрi практикалық тұрғыда жедел көмек көрсететiн маманның ic-әрекетiн бағалап, бағыт-бағдар бередi.
Орталықта оқыту-үйрету жұмыстарына жауаптылар 2022 жылғы 12 мамыр мен 5 маусым аралығында АҚШ-тың кардиологиялық қауымдастығында тәжірибе жинақтап келген. Айта кетейiк, бүгінде халықаралық стандарттар бойынша шұғыл көмек көрсету әдістерiн жетiк меңгерген 3 нұсқаушы жергілікті мамандарға практикалық дәрістер өткізуге дайын. Сонымен қатар бүгін Шымкент қалалық №6 емхана республикалық номинация жеңімпазы атанды. №6 емхана республикада жылдың үздік мекемелері қатарына кірді. Медицина қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Ұлттық Бизнес орталығының рейтинг қорытындысымен емханамыз «ГОРДОСТЬ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ 2022» номинациясының жеңімпазы атанды. Рейтинг Қазақстандағы денсаулық сақтау саласындағы 487 690 субъектінің жұмысына 2022 жылы жасалған анализ негізінде түзілді. Зерттеу салық және басқа да міндетті төлемдер төлеу туралы мәліметтерге негізделген.